uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

Жарияланды: 1 октября 2026

Құрметті әріптестер! Ұлттық тестілеу орталығы сіздерді «Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығы, әлемнің білім беру өлшемдері саласындағы жетекші ұйымдары – Educational Testing Service (ETS, АҚШ), College Board (АҚШ), Pearson (Ұлыбритания), Экономика жоғары мектебі (Ресей) өкілдері, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінің емтихан орталықтарының мамандары қатысады, сондай-ақ іс-шараға отандық ғалымдар мен бағалау технологиялары, педагогикалық өлшемдер және білім сапасын бағалау саласының сарапшылары қатысып, өз тәжірибелері мен ғылыми көзқарастарын ортаға салады.

16 қазан, 09:00–18:00 — конференцияның негізгі бағдарламасы: қатысушылар пленарлық отырысқа және ашық сессияларға қатыса алады.
17 қазан — арнайы шақырылған қонақтарға арналған жабық сессиялар өтеді. Бұл кездесулер ұлттық емтихан орталықтары, жоғары оқу орындары және білім басқармаларының өкілдеріне арналған.

Орны: Назарбаев Университеті, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53

Конференцияға тіркелу үшін conference.testcenter.kz сайтына өтіңіз.