uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше қатысушы 85 жастағы Нұрихан апа келді.

Жарияланды: 13 августа 2025


📚 Білім алудың ерте-кеші жоқ!

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше қатысушы 85 жастағы Нұрихан апа келді. Ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ана, жастық шағында қол жетпеген арманына – жоғары білімге – енді қол созуда. Биыл Нұрихан апа көптен бергі арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді ұйғарған. Жақындарының қолдауымен ҰБТ-ға тіркеліп, көптен күткен сәтіне жетті.

🤲 Тестілеу күні балалары демеуші болып жанынан табылды. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, «Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес» екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді.

✊Бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды. Дегенмен, Нұрихан апа компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты.

Нұрихан апаға мықты денсаулық, табыс және жігер тілейміз!