uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

АЗАМАТТЫҚ АЛУҒА ТЕСТІЛЕУ

Жарияланды: 12 января 2026


💻Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 3-10 ақпан аралығында өтеді.
📲Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 11 ақпанда өтеді.


✅ Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
✔️қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
✔️Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
✔️Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
✅Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.


⏰ Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.


💸Тестілеуге қатысу құны – 14 693 тг.


ℹ️ Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді.
♦️Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін тегін (testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде) және ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде – 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылған.


👏Сәттілік!