uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88
Жарияланды: 8 августа 2026
💻Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді.
📲Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 22 тамызда өтеді.
✅ Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
✔️қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
✔️Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
✔️Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
✅Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.
⏰ Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.
💸Тестілеуге қатысу құны – 14 693 тг.
ℹ️ Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді.
♦️Дайындығын жақсартуды қалайтын үміткерлер үшін ақылы (app.testcenter.kz сайтында «Байқау сынағы» бөлімінде – 3355 тг.) байқау сынағы ұсынылған.
👏Сәттілік!