KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
11.05.2021

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (ҰБТ-2021 кездесетін тарихи даталар тізімі)

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ

1.        

Б.з.б. 2 млн 600–12 мың жыл

– Ежелгі тас дәуірі.

2.

Б.з.б. 2 млн 600–40 мың жыл

– Ерте палеолит.

3.

Б.з.б. 2 млн 600–800 мың жыл

– Ерте палеолиттің олдувэй кезеңі.

4.

Б.з.б. 800–140 мың жыл

– Ерте палеолиттің ашель кезеңі.

5.

Б.з.б. 140–40 мың жыл

– Ерте палеолиттің мустье кезеңі.

6.

Б.з.б. 40–12 мың жыл

– Кейінгі палеолит.

7.

Б.з.б. 12–5 мың жыл

– Орта тас дәуірі (мезолит).

8.

Б.з.б. 5–3 мың жыл

– Жаңа тас дәуірі (неолит).

9.

Б.з.б. 2 мың жыл–б. з. б. VIII ғ.

– Қола дәуірі.

10.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасы

– Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгеруі.

11.

Б.з.б. VIII ғ.‒б.з. VI ғ.

‒ Ерте темір дәуірінің хронологиясы.

12.

Б.з.б. I мыңжылдық

‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.

13.

Б.з.б. 209 ж.

‒ Хунну (Ғұндар) державасының құрылуы.

14.

Б.з.б. 530 ж.

‒ Томирис патшайым бастаған сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.

15.

Б.з.б. V‒IV ғғ.

‒ Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» өмір сүру кезеңі.

16.

552 ж.

‒ Түрік қағанатының құрылуы.

17.

704 ж.

‒ Түргеш қағанатының құрылуы.

18.

751 ж.

‒ Атлах шайқасының болған уақыты.

19.

870–950 жж.

– Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.

20.

960 ж.

‒ Исламның Қарахандардың мемлекеттік діні болып жариялануы.

21.

973–1050 жж.

– Әбу Райхан әл-Бирунидің өмір сүрген жылдары.

22.

XI ғ. басы‒XIII ғ. басы

‒ Қыпшақ хандығының билік құруы.

23.

1021–1075 жж.

– Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары.

24.

1030–1090 жж.

– Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары.

25.

1103–1167 жж.

– Қожа Ахмет Йассауидің өмір сүрген жылдары.

26.

1465‒1466 жж.

‒ Қазақ хандығының құрылуы.

27.

XVI ғ. басы

‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.

28.

XVI ғ. басы

– «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының шығуы.

29.

1538‒1580 жж.

‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.

30.

1582‒1598 жж.

‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.

31.

1598–1628 жж.

– Есім ханның ел билеуі.

32.

1628–1652 жж.

– Жәңгір ханның ел билеуі.

33.

1643 ж.

‒ Орбұлақ шайқасы.

34.

ХVII ғ. соңы.

‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.

35.

1723 ж.

‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»

(«Ұлы апат жылдары») басталуы.

36.

1726/1728 ж.

‒ Бұланты шайқасы.

37.

1729/1730 ж.

‒ Аңырақай шайқасы.

38.

1731 ж.

– Әбілқайыр хан мен оның жақтастарының Ресейге ант беруі.

39.

1771‒1781 жж.

‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.

40.

1783‒1797 жж.

‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

41.

1835–1865 жж.

– Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.

42.

1836‒1838 жж.

‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

43.

1837‒1847 жж.

‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

44.

1841 ж.

‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.

45.

1841–1889 жж.

– Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.

46.

1845–1904 жж.

– Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.

47.

1913‒1918 жж.

‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.

48.

1916 ж.

– Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.

49.

1917 ж.

– «Алаш» партиясының құрылуы.

50.

1917 ж.

‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.

51.

1920 ж.

‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.

52.

ХХ ғ. 20-30 жылдары

‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.

53.

1920–1940 жж.

– Жаппай саяси қуғын-сүргін.

54.

1925 ж.

– Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға

көшірілуі.

55.

1928 ж.

– Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк

педагогикалық институтының ашылуы.

56.

1929 ж.

– Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына

көшірілуі.

57.

1932 ж.

– Сталинге аштыққа байланысты, апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің хат жазуы. Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев («Бесеудің хаты»).

58.

1936 ж.

– Қазақ АКСР-iн одақтық республика етiп қайта құрылуы

(ҚазКСР).

59.

1937 ж.

– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.

60.

1939 ж.

– Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы.

61.

1941–1945 жж.

– Ұлы Отан соғысы.

62.

1946 ж.

– Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.

63.

1949 ж.

– Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.

64.

1954 ж.

– Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.

65.

1956 ж.

– Жалпыға бiрдей мiндеттi жетi жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.

66.

1959 ж.

– Жалпыға бiрдей сегiз жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.

67.

1960–1962, 1964–1986 жж.

– Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы болып қызмет етуi.

68.

1961 ж.

– «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.

69.

1978 ж.

– Қазақ КСР Конституциясын қабылдау.

70.

1979 ж.

– Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерудің өтуі.

71.

1986 ж.

‒ Желтоқсан оқиғасы.

72.

1988 ж.

– Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.

73.

1989 ж.

‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.

74.

1989 ж.

‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.

75.

1991 ж.

‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.

76.

1991 ж.

– Семей ядролық полигонының жабылуы.

77.

1991 ж.

‒ Н. Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.

78.

1991 ж.

‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.

79.

1992 ж.

‒ Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі: Ту, Елтаңба және Әнұран.

80.

1992 ж.

‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.

81.

1993 ж.

‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.

82.

1995 ж.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.

83.

1995 ж., 30 тамыз

‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).

84.

1997 ж.

– Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.

85.

2003 ж.

‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезінің өтуі.

86.

2010 ж.

‒ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.

87.

2011 ж.

‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.

88.

2017 ж.

‒ Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.

89.

2019 ж.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/