KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

        

        Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленеді.

      2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест тапсырмалары ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) жалпы орта білім деңгейіне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген.

       ҰБТ-ға дайындалу үшін  пәндер бойынша тест спецификацияларын, оқулықтарды, тест нұсқаларын басшылыққа алу қажет.

      Ескертпе: Типтік үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың жаңартылған мазмұндағы пәндер мазмұнын толығымен меңгеруі ҚР БҒМ бекіткен оқулықтармен қатар әртүрлі қосымша деректерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. 



/postupayushchim-v-vuz/ent/dlya-podgotovki-k-ent-i-ent-tipo/