8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ҰБТ-ға (қаңтар) қатысу үшін алдын-ала өтініш беру
Мектеп түлектері мен талапкерлергеБілім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

2018 жылдың білім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 345 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес ағымдағы жылдың 18-26 шілдесінде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау жүргізілді.

Жалпы білім беру грантын тағайындау конкурсына 75 429 өтініш берілген, оның ішінде 60319 (80%) - қазақ тілінде, 14801(19,6%) - орыс тілінде және 309 адам ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған.

ҚР БҒМ-нің ағымдағы жылғы 23 шілдесіндегі «2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия құру туралы» №367 бұйрығына сәйкес құрылған Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау бойынша отырысы өтті.

Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша білім беру гранттарын 47 318 адам иеленді, оның ішінде қазақ бөлімі – 37702 (79,7%), орыс бөлімі– 9317 (19,7%) адам және ағылшын бөлімі – 299 адам.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 32448 өтініш білдірген ауыл жастары арасынан 20647 адам (оның ішінде 30% квота бойынша 6192 адам) грант алды.

646 өтініш білдірген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарынан 633 адам (оның ішінде 1% квота бойынша 457 адам) грант алды.

449 өтінішті І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер және мүгедек-балалар берген, олардың 439-ы (оның ішінде 1% квота бойынша 315 адам) грант алды;

34 өтініш Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша түскен, олардың 34-і (оның ішінде 0,5% квота бойынша 26 адам) грант алды.

884 өтініш Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдерінен түскен, олардан 870-і 4%-қ квота бойынша грант алды.

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту квотасына сәйкес 6099 адам қатысты, олардың 3510 грант алды.

Республикалық конкурс қорытындысы бойынша өтініш берушілер арасында ең көп білім беру гранттарына ие болған ЖОО-лар:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 6604;

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 4022;

  • Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - 2134;

  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - 2112;

  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - 1772.

Ең жоғары конкурс қазақ бөліміне:

  • 5B130300  Педиатрия – 1 орынға 392 адам;

  • 5B030400  Кеден ісі – 1 орынға 207,25 адам;

орыс бөліміне:

  • 5B130300  Педиатрия - 1 орынға 274 адам,

  • 5B130200  Стоматология - 1 орынға 170 адам.

Ең төменгі конкурс қазақ бөліміне:

  • 5B021012  Шетел филологиясы: неміс тілі - 1 орынға 0,4 адам

  • 5B021022  Шетел филологиясы: француз тілі - 1 орынға 0,4 адам;

орыс бөліміне:

  • 5B021022  Шетел филологиясы: француз тілі - 1 орынға 0,29 адам

  • 5B021100   Теология - 1 орынға 0,29 адам.

         



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ