uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Мақаш Ермек Нұрсұлтанұлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бірінші орынбасары

Мақаш Ермек Нұрсұлтанұлы 1987 жылы дүниеге келген.

2009 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, 2011 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2013 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Ресей халықтар достығы университетін тәмамдаған. Құқықтану бакалавры. Мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Әр жылдары білім беру, мемлекеттік басқару салаларында, сондай-ақ квазимемлекеттік және жеке секторларда басшылық қызметтер атқарған.

2023–2024 жылдары «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК директоры болған.

2024–2026 жылдары «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

IPMA жоба менеджері (C деңгейі).

Мақаш Ермек Нұрсұлтанұлы