uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Нұрлан Елдос Болатханұлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары

Нұрлан Елдос Болатханұлы 1981 жылы дүниеге келген.

2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тамамдаған. 2004 жылы Education Network Academy оқытушылар бағдарламасын аяқтап, Omniversity Inc. (АҚШ) университетінің экономика магистрі дәрежесін иеленген. 2025 жылы Астана халықаралық университетінде құқық магистрінің педагогикалық бейіні бойынша дайындықтан өтті.

2002–2013 жылдары педагогикалық қызмет атқарып, білім беру және БАҚ саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметін заңдық сүйемелдеумен айналысты, сондай-ақ оқу әдебиеттерінің корректоры, аудармашысы және редакторы болып жұмыс істеді.

2013–2020 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында, Ақпараттық-талдау орталығында, Астана қаласының Гуманитарлық колледжінде, Назарбаев университетінде ғылыми-аналитикалық және басшылық қызмет атқарды.

2021–2023 жылдары Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры және Цифрлық үкіметті қолдау орталығының жоба үйлестірушісі болды.

2023 жылдың қарашасынан 2026 жылдың наурызына дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының директоры, кейін атқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2026 жылдың қыркүйегінен бастап Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары қызметін атқарады.

Нұрлан Елдос Болатханұлы