uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 79 98 89

Дидарбекова Наужан Абдисатаровна

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары

Дидарбекова Наужан Абдисатаровна 1983 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2004 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.

2023 жылы Джордж Вашингтон университетінде "Болашақ"халықаралық стипендия бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап "Ұлттық тестілеу орталығы" директорының орынбасары қызметін атқарады.

Филология ғылымдарының кандидаты.

Дидарбекова Наужан Абдисатаровна