ҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат:
Қағидаларға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) 2024 жылғы 16 мамырдан 5 шілдеге дейін электрондық форматта өткізіледі. Бұл ретте, елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты ҰБТ:
– 2024 жылғы 25 мамырдан 12 шілдеге дейін - ТЖ режимі жарияланған өңірлердің түсушілері үшін (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары);
– 2024 жылғы 16 мамырдан 5 шілдеге дейін - республиканың басқа өңірлерінен түсушілер үшін.
ҰБТӨП – 43, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда - 6 пункт, облыс орталықтарында - 16 пункт, аудан орталықтарында - 15 пункт, моноқалаларда - 4 пункт, селоларда – 2 пункт.
ҰБТ-ға өтініш берген адамдар саны – 185 368, екі мүмкіндікпен - 341 405 өтініш, оның ішінде қазақ тілінде, 260 650, орыс тілінде - 80 458, ағылшын тілінде -297 өтініш берілді.
ҰБТ-ға 181 414 адам қатысты (уникалды, жоғары нәтижесімен), екі мүмкіндікпен 326 037 адам қатысты, жалпы өтініш берушілердің 95,5%-ы (2020 жылы – 92%, 2021 жылы – 94%, 2022 жылы – 95%, 2023 жылы – 96%), оның ішінде 250 986 (76,98%) қазақ тілінде, 74 809 (22,94%) орыс тілінде, 242 (0,07%) – ағылшын тілінде тест тапсырды.
SAT (ЭсЭйТи), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), A Level (Э-Левел) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша тестілеуден босатылады, яғни халықаралық стандартталған тестілеудің нәтижелерін Үлгілік қағидалардағы шекті балға сәйкес ҰБТ балдарына ауыстырады және білім беру гранты конкурсына қатысады және/немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.
SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) SAT reasoning (ризонинг) и SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады және SAT subject (ЭсЭйТи сабджект) пәндері ҰБТ бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ҰБТ балдарына ауыстырылады;
2) SAT reasoning (ризонинг) сертификаты болған жағдайда түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсырады.
ACT (ЭйСйТи) балдары ҰБТ балдарына Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда және бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.
IB (АйБи) және A Level (Э-Левел) балдары ҰБТ балдарына Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда және бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ғана ауыстырылады.
Тексеріс нәтижесінде 297 түсушінің сертификаты ҰБТ балына ауыстырылды (SAT (ЭсЭйТи) - 284, ACT (ЭйСиТи) – 8, IB – 3, A Level - 2).
2023-2024 оқу жылының Зияткерлік мектептер түлектері үшін 2110 дана ҰБТ сертификаты шығарылып берілді.
Түсушілер тестілеуге өтінішті https://app.testcenter.kz/auth ҰТО сайты арқылы онлайн режимде берді.
ҰБТ-ның электрондық сертификаты өтініш берушінің сайттағы жеке кабинетінде қолжетімді немесе https://certificate.testcenter.kz/search сілтемесі арқылы кіріп, шығарып алуға болады.