Педагогтің білімін бағалауға өтініш қабылдау
Педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі.
ПББ тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға өтініш береді. ПББ-ға тіркелу кезінде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орнын таңдайды.
ПББ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау онлайн режимде жүзеге асырылады. ПББ аттестатталушының өтініші бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде өткізіледі.
ПББ өткізу тәртібі:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар – 1 (бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді.
ПББ орындау ұзақтығы
педагогтер үшін – сексен минут, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут;
мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут.