KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

2021 жылғы Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы туралы ақпарат (ақпан-қараша)

          Ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) республика бойынша 2021 жылғы    1 ақпан пен 30 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық жасақтаманың көмегімен электрондық форматта   «U-FUTURE» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің (бұдан әрі – «U-FUTURE» ЖШС) аймақтық тестілеу  орталықтарында тестілеу өткізілді.

          ҰБТ келесі бағыттарда өткізілді:

  • жалпы орта білім беру педагогтері үшін;
  • қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың және арнайы ұйымдардың  тәрбиешілері үшін);
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін;
  • әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін педагогтар үшін және медициналық бағыт, арнайы пәндер бойынша)
  • білім беру ұйымдарының басшылары үшін.
  • жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін

          ҰБТ-ға қатысу үшін 246 000 педагог өтініш беріп 233 334 (94,85%) педагог қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша жалпы шекті деңгейден 76 614 (32,8%) педагог өтті, оның ішінде:

  • қазақ тілінде  – 51 040 (29,6%);
  • орыс тілінде – 24 550 (41,3%);
  • өзбек тілінде – 842 (60,2%);
  • тәжік тілінде – 26 (53,1%);
  • ұйғыр тілінде – 156 (62,4%).

        2021 жылдың 1-10 шілде, сонымен қатар 23-25 тамыз аралығында  ҰБТ 46 жоғары оқу орындары мен 108 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰТО әзірлеген бағдарламалық жасақтаманың көмегімен электрондық форматта «U-FUTURE» ЖШС аймақтық тестілеу  орталықтарында өткізілді.

          Жалпы осы аралықта ҰБТ-ға қатысу үшін 34 700 өтініш беріліп, оның ішінде тестілеуге 32 333  (93,18%) педагог қатысып, оның ішінде;

  • бакалавриат бітірушілері  – 26 565 (93,34%);
  • магистратура бітірушілері – 4 686 (92%);
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері – 1 082 (90,39%).

 Тілдері бойынша қатысушылар саны:

  •  қазақ тілінде  – 25 182;
  •  орыс тілінде – 7 116;
  •  өзбек тілінде – 27;
  •  тәжік тілінде –  0;
  •  ұйғыр тілінде – 8.

       ҰБТ бітірушілер үшін пилоттық режимде өткізілуіне байланысты шекті балл белгіленбеген.

       Жалпы түлектердің орташа баллы 110 балдың 45,77 балын құрайды.