KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Конкурсқа өтініш қабылдау бойынша жиі қойылатын сұрақтар

 

Сұрақтар

Жауаптар

1.                   

Түсушінің 3 топтағы бала кезінен мүгедектігі бар. Квотаға сәйкес келеді ме?

Иә. Нормативтік құжаттарда бала кезінен мүгедек балалар және мүгедек балалар бойынша мүгедектік тобы айқындалмаған.

2.                   

Түсушінің ата-анасы ажырасқан. Әкесі Ауған соғысына қатысқан. Түсуші қандай жеңілдік бойынша қатысады: толық емес отбасы немесе басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер жеңілдігімен бе? Әлде екеуімен бе?

Егер ата-анасы ажырасқан болса, онда некені бұзу туралы куәлік мерзімі кем дегенде үш жыл болуы керек.

ҰОС квотасы бойынша қатысу үшін «Ардагерлер туралы» ҚР Заңына сәйкес отбасыға қойылатын талап: әскери қызметші мәртебесінің «қызмет атқару кезінде қаза тапқан немесе алған жарақаттарынан қайтыс болған» болуы.

3.                   

Жалпы орта білім туралы Өзбекстанның үздік аттестаты бар түсушінің (қандас) басым құқығы бар ма?

Жоқ. Бұл түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін квотасы бойынша ғана конкурсқа қатысады.

4.                   

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квотасы бойынша түсушілер қандай құжаттар ұсынуы тиіс?

1) Барлық балалардың туу туралы куәлігі;

2) Ата-ананың жеке басын куәландыратын құжаттары;

3) Көп балалы болу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі (бар болса).

Егер отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент болса, онда оны балалар санын анықтау кезінде ескеру қажет. Бұл ретте оқу орнынан анықтама ұсыну қажет (күндізгі оқу нысаны).

Егер студент болмаса, онда 18 жасқа дейінгі балалар есепке алынады.

5.                   

Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін квота бойынша түсушілер қандай құжаттарды ұсынуы тиіс?

1)    Туу туралы куәлік;

2)    Ажырасу туралы куәлік (мерзімі кемінде үш жыл) /ата-ананың біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік.

Егер баланы ата-ананың біреуі тәрбиелесе, бірақ туу туралы куәлікте ата-ананың екеуі туралы жазба болса, онда некенің тіркелмегендігі туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаменті) немесе кем дегенде үш жыл мерзімі бар некені бұзу туралы куәлік ұсыну қажет.

6.                   

Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота бойынша түсушілер қандай құжаттарды ұсынуы тиіс?

 

1)    Түсушінің туу туралы куәлігі;

2)    Ата-анасы бір және ата-анасы бөлек мүгедектігі бар бауырлардың туу туралы куәлігі;

3)    Ата-анасы бір және ата-анасы бөлек мүгедектігі бар бауырлардың мүгедектік туралы куәлігі.

7.                   

Өткен жылдардағы «Алтын белгі» белгісінің иегері басым құқық ала алады ма?

Иә, алады.

8.                   

Егер баланы ата-ананың біреуі тәрбиелесе, бірақ туу туралы куәлікте ата-ананың екеуі туралы жазба болса, онда қандай құжаттарды ұсыну керек?

Некенің тіркелмегендігі туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаменті).

9.                   

Егер анасы қайтыс болса және әкесі қайта үйленсе, отбасы толық емес болып саналады ма?

Жоқ.

10.               

Түсушінің отбасында 18 жасқа дейінгі үш бала бар. Оқуға түсушінің өзі 18 жасқа толды.

Ананың көп балалы ана атағын алғанын растайтын құжаты бар.

Оқуға түсуші кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балаларға арналған квота бойынша конкурсқа қатыса алады ма?

Жоқ, қатыса алмайды. Өйткені өтініш берген кезде түсушінің жасы 18-де. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекске сәйкес бала (балалар) - он сегіз жасқа толмаған (кәмелетке толмаған) адам болып табылады.

11.               

Егер отбасындағы мүгедек 18 жасқа толса, түсуші бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балаларға арналған квотаға үміткер бола алады ма?

Иә, болады.

12.               

Бір ЖОО-да шығармашылық емтихан тапсырған түсуші басқа ЖОО-ға грантқа түсе алады ма?

Жоқ, ол Конкурсқа тек шығармашылық емтихан тапсырған университетте қатыса алады.

13.               

Түсушінің «Қандас» мәртебесі бар, бірақ бағдарлама оны қабылдамайды.

ҰТО бағдарламасы бұл мәртебені ЖТ МДҚ-мен салыстырады. Егер қандаста ЖТ МДҚ - да ұлты «басқа» болса немесе «қазақ» болмаса, бағдарлама қабылдамайды.

14.               

Түсушінің ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар. Ұлты орыс. Конкурсқа қатыса алады ма?

Жоқ.

Олар шетелдік азаматтар ретінде ЖОО-да тек ақылы оқуға құқылы (тілдесу арқылы түседі).

15.               

Түсушінің азаматтығы жоқ. Ұлты орыс. Конкурсқа қатыса алады ма?

Иә.

ҚР Білім туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға білім беру гранты конкурсына қатысу құқығы беріледі.

16.               

Жетісу облысының ауылдық жерлерінен келген түсушілер «Серпін» жобасына қатыса алады ма?

Иә, себебі Алматы облысы - Алматы облысы және Жетісу облысы болып бөлінді.

17.               

Конкурсқа қандай ЖОО-да өтініш беруге болады?

Конкурсқа өтінішті Astana IT University (осы ЖОО-ның барлық мамандықтары бойынша), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Хериот-Уатт университеті филиалының мамандығы), Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Берлин техникалық университеті филиалының мамандығы), Азаматтық авиация академиясы (В167-Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану) басқа мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған кез келген ЖОО тіркей алады. Жоғарыда аталған ЖОО-лар мен мамандықтарды таңдау үшін көрсетілген ЖОО-ға тікелей жүгіну қажет.

18.               

Егер түсуші 18 жасқа толса, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған квотаға үміткер бола алады ма?

Егер ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылса немесе қамқорлығынсыз қалса (35 жасқа дейінгі жастар осы санатқа жатады), үміткер бола алады.

19.               

Қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ сертификатымен білім беру гранттары конкурсына кім қатыса алады?

ТЖ өңірлерінен (Ақмола, Атырау, БҚО, Ақтөбе, Қостанай және СҚО) негізгі (жазғы) ҰБТ нәтижелері болған жағдайда ғана түсетіндер қатыса алады.

20.               

Сараланған білім беру гранттары бойынша конкурсқа қалай қатысуға болады?

2024-205 оқу жылына «6B01-Педагогикалық ғылымдар» және «6В03-Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» білім беру салаларына ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар бөлінді. Егер түсуші өтініш беру кезінде сараланған гранттар бойынша конкурсқа қатысу туралы келісімін растаған болса, онда ол жоғары білім алуға толық ақы төлеу үшін білім беру грантын алмаған жағдайда осы конкурсқа қатысады.