Конкурсқа өтініш қабылдау бойынша жиі қойылатын сұрақтар
№ |
Сұрақтар |
Жауаптар |
1. |
3 топтағы бала кезінен мүгедек талапкер. Квотаға сәйкес келе ме ? |
Иә, себебі бала күнінен мүгедек балалар және мүгедек балалар топқа қарамастан жатады. 1 және 2 топ тек мүгедектер қатарындағы азаматтар үшін, мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектер үшін топ маңызды емес. |
2. |
Талапкердің ата-анасы ажырасқан. Әкесі Ауғанстанның ұрысына қатысқан. Бұл қандай жеңілдіктерге жатады: толық емес отбасы немесе ұрысқа қатысқаны ретінде немесе екеуі де |
Егер ата-аналар ажырасқан болса, онда кем дегенде үш жыл мерзімге некені бұзу туралы куәлік. ҰОС квотасына жату үшін: "Ардагерлер туралы" ҚР Заңына сәйкес әскери қызметшінің "қызмет атқару кезінде қаза тапқан немесе алған жарақаттарынан кейін қайтыс болған"мәртебесі болса, отбасы квотаны пайдалана алады. |
3. |
Жалпы орта білім туралы Өзбекстанның үздік аттестаты бар талапкердің (қазақ диаспорасы) басым құқығы бар ма? |
Жоқ, тек квота |
4. |
"Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін отбасылардан шыққан балалар үшін көзделген" квота бойынша түсушілер қандай құжаттар ұсынуы тиіс: |
- Барлық балалардың туу туралы куәлігі; - Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттары; - Көп балалы болу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі (бар болса). Егер отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент болса, онда оны балалар санын анықтау кезінде ескеру қажет. Егер ол оқымаса, онда 18 жасқа дейінгі балалар есепке алынады. Бұл ретте оқу орнынан анықтама беру қажет (күндізгі оқу нысаны). |
5. |
"Кемінде 3 жыл мәртебесі бар толық емес отбасылары"квота бойынша түсушілер қандай құжаттарды ұсынуы тиіс: |
- Туу туралы куәлік; - ажырасу туралы куәлік /ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік. Егер баланы ата-анасының біреуі тәрбиелеген болса, бірақ туу туралы куәлікте ата-анасының екеуінің де жазбасы болса, онда некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаментінен анықтама) ұсыну қажет. Немесе кем дегенде үш жылдық мерзімі бар некені бұзу туралы куәлік. |
6. |
"Мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін көзделген квота " бойынша түсушілер қандай құжаттарды ұсынуы тиіс: |
- Туу туралы куәлік; - Мүгедектігі бар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-әпкелердің туу туралы куәлігі; - Ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-әпкелердің мүгедектігі туралы куәлік. |
7. |
Өткен жылдардағы АБ басым құқық иегері бола ала ма? |
Иә, құқылы
|
8. |
Егер баланы ата-анасының бірі тәрбиелеген болса, бірақ туу туралы куәлікте екі ата-ананың да жазбасы болса, онда қандай құжаттарды ұсыну керек |
Некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаментінен анықтама). |
9. |
АБ сертификатын Үздік деп көрсету керек пе? |
Иә, егер сертификатта"үздік" жазбасы болса |
10. |
Егер анасы қайтыс болса және әкесі қайта үйленсе, отбасы толық емес болып саналады ма? |
жоқ |
11. |
Талапкер конкурска қатыспақшы, ол 18 жаста. Анасының көпбалалы кітапшасы бар. Анасының 18 жасқа дейінгі тағы үш баласы бар. Көп балалы ретінде квота есептеле ма? |
Көп балалы болып саналмайды, өтініш берген кезде ол 18 жасқа толып қойған |
12. |
Оқуға түсушінің "бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар" квотасы бар. Бірақ отбасындағы мүгедек 18 жаста (екіншісі 22 жаста). Квота оған есептеледі ме? |
Квота есептеледі |
13. |
Басқа ЖОО-да шығармашылық емтихан тапсырған талапкер басқа ЖОО-ға грантқа түсе ала ма? |
Жоқ, ол грантқа тек шығармашылық емтихан тапсырған университетте қатыса алады |
14. |
"Кандас" мәртебесі бойынша түсушіні бағдарлама жібермейді |
ҰТО бағдарламасы бұл мәртебені ЖТМДҚ мен салыстырады: - ұлты "басқа" деп белгіленген; - Азаматтығы "ҚР" деп белгіленген. |
15. |
Талапкердің ҚР-да тұруға ыхтиярхаты бар. Ұлты орыс. Конкурсқа қатыса алады ма? |
Жоқ. Олар шетелдік азаматтар ретінде тек ЖОО-да ақылы оқуға құқылы (тілдесу арқылы түседі) |
16. |
Талапкердің азаматтығы жоқ. Ұлты орыс. Конкурсқа қатыса алады ма? |
Иә. ҚР Білім туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға білім беру гранты конкурсына қатысу құқығы беріледі |
17. |
Жетісу облысының ауылдық жерлерінен келген талапкерлер "Серпін" жобасына қатыса алады ма? |
Иә, себебі Алматы облысы Алматы облысы және Жетісу облысы болып бөлінген |
18. |
ҚБТУ-ға түскісі келетін талапкерлердің өтінішін өңдеу керек пе? |
Иә, ағымдағы жылы ҚБТУ талапкерлерді жалпы конкурс негізінде қабылдайды. |
19. |
Жетім бала18 жасқа толса, квотаға сәйкес келе ме? |
Сәйкес келеді, ол кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылса немесе қамқорлығынсыз қалса (35 жасқа дейінгі жастар осы санатқа жатады). |