KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Шет тілдері бойынша түсу емтиханынан тест 3 бөлімнен тұрады. Тапсырмалар саны - 100. Тестілеу уақыты - 125 минут.

I бөлім – Тыңдалым. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындау уақыты – 45 минут.

Бұл бөлімге 4 мәтінді тыңдау және әрбір мәтінге берілген 8 тест тапсырмасын орындау кіреді. Әрбір мәтін 1 минуттық үзіліспен екі рет қайталанады. Әрбір мәтінді тыңдап болған соң, оған ұсынылған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі. Одан әрі келесі мәтінді тыңдау басталады.

II бөлім – Лексика-грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны – 32. Орындалу уақыты – 30 минут.

III бөлім – Оқылым. Тест тапсырмаларының саны – 36. Орындалу уақыты – 50 минут. Бұл бөлімге 3 мәтінді оқу және әрбір мәтінге 12 тест тапсырмасын орындау кіреді.

Шет тілдері бойынша түсу емтиханына қатысу құны 14162 теңгені құрайды. Шет тілдері бойынша түсу емтиханының форматымен танысу үшін app.testcenter.kz сайтындағы түсушінің жеке кабинетінде байқау тестілеу қолжетімді.

Байқау тестілеудің 1 мүмкіндік үшін құны – 2385 теңге.

Байқау тестілеуге төленген төлем қайтаруға жатпайды.