KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы


         
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының жобасына сәйкес ЖОО магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

       *Өтініштерді қабылдау мерзімі келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 10 маусым мен 15 шілдесі;
2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында жүргізіледі.
       *Кешенді тестілеу КТ келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 20 шілде  мен 10 тамыз аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
       Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады
       Күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.
       
        Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандары ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 16 - 25 шілдесі;

2) күнтізбелік жылдың 7-10 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.       
Араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихан ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі.

КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.

*қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр, тестілеу мерзімі мен баға прейскурантына өзгерістер енгізілуі мүмкін.

/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/priem-na-obuchenie-v-organizatsii-obrazovaniya-realizuyushchie-obrazovatelnye-programmy-poslevuzovsk/