Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын үй алабы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимараты «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 79-98-89.
ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының басшысы (1 бірлік). Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 227 371 теңгеден бастап 276 427 теңгеге дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Жоғары филологиялық немесе педагогикалық білім. Ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы. Білім беру мекемесі жұмысының профиліне сәйкес келетін мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішін;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақтың (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) түйіндеме
7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынуға болады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Есіл ауданы, Шұбар тұрғын үй алабы, Родниковый көшесі, 1/1 ғимараты № 1104 кабинет, e-mail: okadr.nct@mail.ru.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да әңгімелесуден өтеді.