Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК бос лауазымға конкурс жариялайды
Конкурсты өткізу орны: Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 60, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 69-50-63.
1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (1 бірлік). Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 92555 теңгеден бастап 112022 теңгеге дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптар: 1) Жоғары кәсіптік (заңгерлік немесе экономистік) білім. 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі;
6) түйіндеме.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010011, Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 60,№ 103 бөлме, e-mail: okadr.nct@mail.ru.
Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-да әңгімелесуден өтеді.