АБДРАСИЛОВ
Болатбек Серікбайұлы
Ғылыми дәрежесі мен атақтары:
· 1986 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты;
· 1997 ж. - биология ғылымдарының докторы;
· 1998 ж. - Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі;
· 2005 ж. - Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;
· 2009 ж. - Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;
· 2020 ж. - ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі:
09.1979-09.1980 |
Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика кафедрасының оқытушысы |
09.1980-09.1982 |
СССР ҒА Биологиялық физика институтының стажер-зерттеушісі, Пущино қаласы, Мәскеу облысы |
12.1982-01.1986 |
СССР ҒА Биологиялық физика институтының аспиранты, Пущино қаласы, Мәскеу облысы |
03.1986-11.1991 |
Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті |
11.1991-09.1994 |
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының деканы, проректор |
09.1994-12.1996 |
Ресей ғылыми академиясы Биофизика институтының аға ғылыми қызметкері, Пущино қаласы, Мәскеу облысы |
12.1996-04.1998 |
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры |
04.1998-03.2000 |
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, кафедра профессоры |
03.2000-01.2001 |
Мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры |
01.2001-08.2001 |
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мониторинг және бақылау департаменті директорының орынбасары |
08.2001-11.2004
|
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры |
11.2004-02.2007 |
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы |
02.2007- 09.2010 |
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы |
09.2010-02.2012 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы |
02.2012-07.2016 |
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік Басқару академиясының ректоры |
11.2016-03.2017 |
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі |
03.2017-06.2018 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы |
06.2018-03.2021 |
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті |
03.2021-02.2024 |
Қарағанды индустриялық университетінің ректоры |
02.2024 ж-қазіргі уақытқа дейін |
Ұлттық тестілеу орталығының директоры |
Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2005 ж.), мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, биофизика саласындағы үлкен ғылыми жетістіктері үшін Нобель сыйлығының лауреаты П. Л. Капица атындағы Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының алтын медалімен марапатталды.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері. Австралия, Ресей, Нидерланды, Оңтүстік Корея және т.б. жетекші журналдарда 60 – тан астам ғылыми жұмыстар жарияланған. Хирш индексі – 4.