KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде білім алушыларды кешенді тестілеу

      Орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде білім алушыларды кешенді тестілеу (бұдан әрі – ОБҰМАБА КТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген кешенді тестілеуді өткізу Қағидаларымен регламенттелген, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Кешенді тестілеу – 4, 9-сыныптардың білім алушылары арасында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – Компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша жүргізіледі.

Компьютерлік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды тұлғаларының байқаушы ретінде қатысуымен жүзеге асырылады.

ОБҰМАБА КТ  мақсаты – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау.

ОБҰМАБА КТ негізгі міндеті – Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарында көзделген оқу нәтижелерін және оқу бағдарламаларының игерілуін бағалау.

Кешенді тестілеу 4-сыныптарда оқыту тілдерінде (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік)  екі пән бойынша өткізіледі:

- Оқыту тілі;

- Математика;

Кешенді тестілеу 9-сыныптарда оқыту тілдерінде (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік)  үш пән бойынша жүргізіледі:

- Оқыту тілі;

- Математика;

- инвариантты компонент пәні (нұсқаға байланысты): Әдебиет, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих, ағылшын тілі, Физика, Химия, География, Билогия, Информатика).

4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

Математика – 15 тест тапсырмасы;

Оқыту тілі – 15 тест тапсырмасы.

Тест бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 30 тест тапсырмасынан тұрады.

9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:

Оқыту тілі – 20 тест тапсырмасы;

Математика – 20 тест тапсырмасы;

Таңдау бойынша бір пән – 20 тест тапсырмасы.

Тест бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 60 тест тапсырмасынан тұрады.


Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Тест спецификациялары

Үлгілік тест тапсырмалары