Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) - сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) - сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
Білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау нысандары
9 (10) - сынып:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) - сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
11 (12) - сынып:
1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан.
Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау жазбаша емтихан келесі нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша (оқыту тілі);
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша.
Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау келесі нысандарда өткізіледі:
1) Қазақстан тарихынан тестілеу;
2) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
3) білім алушының таңдауы бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.