8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Мектеп бітірушілерінің ҰБТ-ға дайындығы

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес 20 маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі.

ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін өткізіледі.

ҰБТ-ға дайындық мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) байқау сынағына арналған тест кітапшалары мен оқу-әдістемелік құралдарын шығарады. Оларды ҰТО филиалдарынан сатып алуға болады.

Сонымен қатар, ҰТО-ның ресми сайты арқылы байқау сынағынан онлайн режимде өтуге мүмкіндік берілген.

Байқау сынағынан өту барысында түсуші ҰБТ тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәні бойынша білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алады.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері байқау сынағына арналған кітапшалары арқылы 215 582 рет, онлайн режимде тестілеу арқылы 101 781 рет өз мүмкіндіктерін тексеріп көрді.

Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында білім деңгейіне тестілік бақылау жүргізу кезіндегі қосымша қызметтердің бекітілген бағалар Прейскурантына сәйкес, байқау сынағының бағасы – 351 теңге, онлайн байқау сынағының бағасы – 260 теңге,оқу әдістемелік құралдары – 414 теңге.

Тестілеу үшін жасалған төлем ҰТО-ның «Қазақстан Халық банкі» АҚ-сындағы есеп шотына түседі, сонымен қатар «Касса 24» терминалдары немесе ҰТО-ның testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинеті арқылы жүргізуге болады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ