8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмаларын әзірлеу жұмыстары туралы

Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерді жаңа жүйе бойынша аттестаттауға арналған тест тапсырмаларын дайындау үшін Астана қаласы Ұлттық тестілеу орталығында 2018 жылғы 30 шілде мен 9 тамыз аралығында әзірлеме жұмыстары жүргізілуде.

Тест тапсырмалары 3 формада әзірленеді:

  • бір дұрыс жауапты таңдау,

  • бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау,

  • бір ғана мәтін аясында адамның академиялық және әдістемелік әлеуетін білуге мүмкіндік беретін бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар.

Тест тапсырмасын әзірлеу барысында әзірлеушілер тест спецификациясы, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, типтік оқу бағдарламалары, регламенттеуші құжаттарда көрсетілген оқулық және оқу құралдарын нұсқау етіп қолданады.

Тест тапсырмаларын әзірлеуге Білім басқармалары ұсынған білім саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілімі бар, жоғары санатты мектеп мұғалімдері қатысады.

Әзірлеме жұмыстары аяқталғаннан кейін, тест тапсырмалары 2 рет сараптамадан өтеді. Сараптама барысында тест тапсырмаларының сапасына кешенді бағалау жүргізіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, түзету жұмыстары енгізіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ