8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Ұлттық біліктілік тестілеу

Ұлттық біліктілік тестілеу - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім (соның ішінде арнайы) беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестпен айқындайтын іс-шара.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: ағымдағы жылғы 10 наурыздан - 2 мамырға дейін, 10 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.

Біліктілік санатты беру (растау) үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезең - ұлттық біліктілік тестілеу;

  • екінші кезең - қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

Ұлттық біліктілік тестілеу - 100 сынақ тапсырмасынан тұрады:

  • «Оқу процесінің мазмұны» - 70 тапсырма;

  • «Педагогика, оқыту әдістемесі» - 30 тапсырма.

Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты - 3 сағат 20 минут (200 минут), ал  «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).

Ұлттық біліктілік тестілеудің форматы білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша қағаз және электронды түрде өткізіледі.

Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар ұлттық біліктілік тестілеуді қалаған тілінде (орысша және қазақша) тапсырады. Тест тапсыру тілі өтініш беру барысында көрсетіледі.

Бірінші тестілеудің мерзімі 26 мамыр - 5 маусым аралығында, ал екіншісі ағымдағы жылы 1 - 10 қараша айында өткізіледі.

Тестілеудің нәтижесі әрбір блог үшін балл жинаған кезде, оң нәтиже ретінде қарастырылады:

  • «педагог-модератор» - 50 %;

  • «педагог-сарапшы» - 60 %;

  • «педагог-зерттеуші» - 70 %;

  • «шебер педагог» - 80 %.

Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлігі оқу материалдарын жаттап алу  және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білім мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижелері бір жылға жарамды.

Аттестация педагогических работников и приравненных к ним лиц, занимающих должности в организациях среднего образования, копия (1).jpg




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ