8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Алматы облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті

подробно-04-17.jpg2018 жылдың 23-27 маусым аралығында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және бағалау ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Алматы облысы Талдықорған қаласының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері арасында тестілеу өткізілді.

Тестілеуге аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, аймақ әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау мекемелері, мектеп директорлары мен ұстаздары және т.б. қатысты.

Жалпы облыс бойынша 963 тестіленуші қатысты, оның ішінде (825 диагностикалық және 138 тестіленуші сертификаттық (А2, В1, В2, С1 деңгейлерінен) тестілеуден өтті. Талдықорған қаласы бойынша – 435 адам, Кеген ауданы – 108 адам, Райымбек ауданы – 141 адам, Ұйғыр ауданы – 151 адам, Панфилов ауданы – 128 адам өтті.

Аталған ісшара Талдықорған қаласының облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ