8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ҰБТ-ға (негізгі) қатысу үшін алдын-ала өтініш беру

Жаңалықтар

2020 жылға арналған ұбт тест тапсырмаларының әзірлемесі

2019 жылғы 14-23 қаңтар аралығында Ұлттық тестілеу орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу жұмысы өткізілді.

Тест тапсырмаларын әзірлеу жұмысы Ұлттық тестілеу орталығының үлкен жауапкершілікті талап ететін іс-шараларының бірі болып табылады. Тест тапсырмаларын әзірлеуде әрбір әзірлемешіге төмендегі талаптарға сәйкес келетін тапсырмалар әзірлеу жүктеледі:

  • жауаптың дұрыстығы және бір мағыналы болуы;

  • тест тапсырмасының мазмұны қойылатын қиындық деңгейіне сәйкес болуы;

  • ұсынылған әдебиетке сәйкес болуы;

  • тест тапсырмасының мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы;

  • тест тапсырмасын шешуге бөлінген уақытты есепке алу.

2019 жылы тест тапсырмаларын әзірлеу жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен мұғалімдер мен оқытушылар қатарынан 140 әзірлеуші шақырылды.

  • 9 күнге созылған үздіксіз жұмыс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған 

  • 17 пән бойынша үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) 

  • екі формада тест тапсырмалары әзірленді.

Нәтижесінде 2020 жылға арналған тест тапсырмаларының жаңа базасы қалыптасты.

Әрине, жаңа тест тапсырмалары түсушінің қолына түспес бұрын екі сараптамадан және апробациядан өтеді.

Дегенмен, күтілген нәтижеге қол жеткізілді, өйткені әзірлеу – ҰБТ тест тапсырмаларының базасын қалыптастырудағы негізгі іс-шара болып табылады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ