8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

2018 жылғы қайта кешенді тестілеудің қорытындылары

2018 жылдың 22-23 қаңтар аралығында республикамыздың 28 ЖОО-ы базасында 2017-2018 оқу жылында бірінші академиялық кезеңді аяқтағанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданғантұлғаларға қайта кешенді тестілеу өткізілді.

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініш берген 5166 адамның4743-і (91,81%) тестілеуге қатысты, оның ішінде КТ (5 пән) бойынша -1749 адам және КТ ТжКБ (2 пән) бойынша – 2994 адам.

Сонымен қатар, тестілеуді ұйымдастыру және өткізу үшін аймақтарға 99 ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді, мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді.

Тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолданғаны және тәртіп сақтау ережелерін бұзған үшін 4 адам аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

КТ (5 пән) қорытындысы бойынша республика көлемінде орташа балл - 65,82 баллды, КТ ТжКБ (2 пән) бойынша - 38,10 баллды құрады.

Шығармашылық емтихан тапсыратын тестіленушілер КТ (2 пән) қорытындысы бойынша - 21,69 балл, КТ ТжКБ (1 пән) бойынша - 21,01 баллды көрсетті.

Жалпы шектік деңгейден 3011 (63,48% жалпы тестілеуге қатысқандарға шаққанда) адам өтті. Оның ішінде КТ – 1185 және КТ ТжКБ – 1826 адам.

Тестілеудің нәтижелері тапсырылған күні көпшілік назарына ақпараттық тақталарда және сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінді.

Тестілеу қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға пәндер бойынша баллдары көрсетілген сертификат берілді.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ