KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
20.12.2025

Сәлем, талапкерлер!

ҰБТ жақындап қалды. Егер болашақ мамандығыңызды әлі анықтамаған болсаңыз, сіздер үшін жағымды жаңалығымыз бар. Қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізді ескере отырып, өзіңізге ең қолайлы мамандықты таңдауға көмектесетін edunavigator.kz кәсіби бағдарлау платформасы іске қосылды. Тесттен өтіп, өзіңізге сәйкес келетін білім беру бағытын анықтай аласыз.

Ол үшін:

1.     app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз.

2.     «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «EduNavigator кәсіби бағдар беру тестін» таңдаңыз.

3.     Сіз edunavigator.kz сайтына өтесіз. «Кіру» батырмасын басып, Google аккаунты арқылы тіркеліңіз.

4.     «Регистрацияны аяқтау» бөлімінде қажетті деректерді енгізіп, Kaspi QR арқылы төлем жасаңыз.

5.     «Тестіден өту» батырмасын басып, тестті орындаңыз.

6.     Тест аяқталғаннан кейін жүйе кәсіби бағдарлау нәтижелерін автоматты түрде көрсетеді.

7.     Сіз өз тұлғаңыз туралы есепті және ұсынылатын мамандықтарды көре аласыз. Әр мамандыққа басып, оның немен айналысатынын, қандай дағдылар қажет екенін және ол мамандық бойынша қандай жоғары оқу орындары оқытанынын біле аласыз.

Нәтижелеріңізбен пікірлерде бөлісіп отырыңыздар. Сәттілік!