KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 08.12.2025

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Тестілеуді 9,6 мың адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 38%-ы, бейінді бағыт бойынша 18%-ы шекті балл жинады. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 72 балды, бейінді бағыт бойынша 23 балды құрайды. Ең жоғары балл – 129.

КТ өткізу барысында 19 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 11 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 4 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сондай-ақ, комиссия шешімі бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы 12-18 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 желтоқсанға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 2025 жылдың 26 желтоқсаны мен 2026 жылдың 10 қаңтары аралығында жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты; шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда). 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсырады.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.