KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ПББ тапсыру үдерісі 31.03.2025

ПББ тапсыру үдерісі

Тестілеуден өту үшін:

  • Мұқият болып, тыйым салынған заттарды, оның ішінде ұялы телефондар, смарт-сағаттар, смарт-көзілдіріктер, фитнес-білезіктер, сымды және сымсыз құлаққаптар, фотоаппараттар және т. б. кіреберісте орналасқан жәшіктерде қалдырыңыз;

  • Арка тәрізді және қол металл іздегіштен өтіңіз;

  • Face ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз. Сәйкестендіру планшеті аудитория нөмірін және орныңызды көрсетеді;

  • Өз орныңызға отырғаннан соң тестілеу түрін таңдап, ЖСН енгізіп, фронталды веб-камера арқылы жеке басты сәйкестендіруден өткізіңіз;

  • Жеке деректерді және тестілеу параметрлерін тексеріп, оларды растаңыз,  тестілеу ережелерімен танысып, келісіңіз;

  • Тестілеуді бастаңыз.

  • Тестілеуді толық аяқтап, өз нәтижеңізбен танысу үшін міндетті түрде алдыңғы веб-камера арқылы идентификациядан өтіңіз.

Маңызды: Сізге 1 парақ А4 қағазы беріледі, олармен алмасуға және аудиториядан шығаруға болмайды!

❌ Бұдан басқа, тестілеу кезінде:

  • аудиториядан рұқсатсыз және сүйемелдеусіз шығуға;

  • аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;

  • сөйлесуге, орын ауыстыруға;

  • тестілеу кезінде шулауға;

  • тест тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жариялауға;

  • тестілеу жүйесіне сырттан араласуға;

  • техниканы қасақана бүлдіруге тыйым салынады.