KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін ардагерлерге арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз! 23.07.2024

Сәлем, 2024 жылғы талапкерлер! Бүгін ардагерлерге арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз!

Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін квота  0,5%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 0,5%-ы осы квотамен беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген. Оның ішінде 69 грант немесе 0,5%-ы ұрыс қимыл ардагерлерінің отбасыларына арналған.
Бұл квота бойынша грант конкурсына кімдер қатыса алады?
-жараланудан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың және астыртын ұйым қызметкерлерінің отбасылары;
-Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлердің отбасылары;
-қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
-ұрыс қимылдарда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
-бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
-Чернобыльды қоса алғанда, радиациялық апаттар кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
-радиациялық апаттармен байланысты радиациялық аурудан қайтыс болғандардың отбасылары.
Ардагерлер отбасына ері/әйелі және балалары (сондай-ақ асырап алынған балалары) кіреді.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!