KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Қайырлы күн, құрметті талапкерлер мен ата-аналар! 23.07.2024

Қайырлы күн, құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Бүгін назарларыңызды ҰБТ сертификаттарын қолдан жасау әрекеті тақырыбына аударғымыз келеді.
Өкінішке орай, биыл жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылдануда және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан астам әрекет тіркелген.
ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Мысалы, мына сертификатта QR-код ашылмайды, сондай-ақ сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған.
Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.
Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификаты  app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.
Достар! Сіздерді заң бұзушылыққа  бармауға шақырамыз. Жалған құжаттарды қолдан жасау ауыр салдарға, ал шынайы еңбегіңіз бен адалдығыңыз теңдесі жоқ табыс әкелетініне сенеміз!