KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Құрметті қандастар! 03.07.2024

Құрметті қандастар!


Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған квота туралы ақпарат ұсынамыз!

Қандас квотасы  4%-ды құрайды. Яғни, жалпы бөлінген гранттың 4%-ы қандастарға беріледі. Мысалы, 2024 жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлінген, оның ішінде 549 грант немесе 4%-ы қандастарға арналған.

Бұл квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Атап өтсек, қандастар үшін грант конкурсына қатысуға ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады. Олардың байланыс нөмірлері Telegram арнамызда жарияланған.

Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар.
Ақпарат пайдалы болды деп үміттенеміз!