KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР 19.06.2024

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР

Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер шығармашылық емтиханға қатысу үшін 20 маусым – 10 тамыз аралығында жоо-ға өтініш береді. Емтихандардың өзі 7 шілде – 15 тамыз аралығында өтеді.
Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады.

Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн болады.

ГРАНТ КОНКУРСЫНА қатысу үшін тек бір мамандық және бір жоғары оқу орнын таңдауға болады.
Жоғары оқу орнына АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ түсу үшін басқа жоо-да тапсырылған емтихан нәтижесін қолдануға болады.

Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы балдарын алып) шығармашылық дайындықты талап ететін бір ББТ-ны таңдай алады.

Қосымша сұрақтар бойынша ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ.