ҚҰРМЕТТІ IELTS, TOEFL ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРЫ БАР ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАР!
Сіздердің назарларыңызға бекітілген жаңа Ережеге сәйкес халықаралық стандартталған тест IELTS, TOEFL сертификаттарының балдарын «Ағылшын тілінен» ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласын ұсынамыз.
МАҢЫЗДЫ 1: Сертификаттарды ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жоо-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан сертификатты ҰБТ-ға алып келудің қажеті жоқ.
МАҢЫЗДЫ 2: Сертификатты ҰБТ өтінішіне тіркемеген болсаңыз, білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жоо-ның қабылдау комиссиясына ұсына аласыз.
ЕСКЕРТУ: Сіздердің балдарыңыз қабылдау комиссиялары сертификаттың жарамдылығын тексергеннен кейін ғана ауыстырылады.