KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ! 29.04.2024

КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ!



2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады. КТА деген жоқ❌

Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: МАМЫР-МАУСЫМ айларында (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі),  НАУРЫЗ, ТАМЫЗ айларында (егер колледжде бітірген мамандығыңызды жалғастырмаған жағдайда).
ҰБТ-ға тіркелу www.app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады. 

НАУРЫЗ, ТАМЫЗ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰБТ
Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.
Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.
- Тест тапсырмалар саны – 120;
- Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);
-Жоғары балл саны – 140.

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, шығармашылық мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 2 пән (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) бойынша ҰБТ тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді.
Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.
Тест тапсырмалар саны – 30;
Жалпы уақыты – 70 минут;
Жоғары балл саны – 30.

НЕГІЗГІ ҰБТ (МАМЫР-МАУСЫМ)
Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз. ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.
-Тест тапсырмалар саны – 60;
-Жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
-Жоғары балл саны – 70;
-Шекті деңгей балы – 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.
  
Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді. 
-Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 20 минут (80 минут);

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз. Құжаттарыңызды жоо-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз. 

Мұқият оқып, ҰБТ-ға өтініш беретін кезде қателесіп кетпеулеріңізді сұраймыз!

  2.jpg   3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg