KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ  (ЕКІНШІ АПТА) 03.08.2022

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ (ЕКІНШІ АПТА)

Республика бойынша магистратураға түсуге 46 066 өтініш келіп түсті.
Тестілеу басталғалы КТ-ны 35 мыңға жуық адам тапсырды.
Оның ішінде:
45% тест тапсырушы шекті балл жинады;
72 балл – орташа балл.
Ереже бұзғаны үшін 265 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 144 оқуға түсуші айырылды;
тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 117 адам шығарылды;
постпрокторинг (бейнежазбаларды қайта қарау) қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды.
Сонымен қатар, КТ-ға кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, түсуші мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде, ал техникалық себептер бойынша тестілеу кезінде ғана бере алады.

/press-tsentr/novosti/detail.php