KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Педагогтерге арналған 2021 жылғы Ұлттық біліктілік тестілеу бойынша ақпарат 13.10.2021

Педагогтерге арналған 2021 жылғы Ұлттық біліктілік тестілеу бойынша ақпарат

Құрметті, педагогтер!

2021 жылғы 14 қазаннан бастап app.testcenter.kz сайтында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ҰБТ өткізу мерзімі: 15 қазан мен 30 қараша аралығы.
Бұл тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:
- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
- қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың және арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
- әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (жалпы білім беретін педагогтер үшін және медициналық бағыт) педагогтері.
ҰБТ-ның жалпы уақыты - 3 сағат 30 минут (210 минут), ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 4 сағат (240 минут).

/press-tsentr/novosti/detail.php