KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға грант конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады. 12.08.2025

Магистратураға грант конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Сәлем, магистратураға түсушілер!
Магистратураға грант конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге
асырылады.
Құжаттарыңызды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары немесе виртуалды
қабылдау комиссиялары тапсыра аласыздар. Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі
testcenter.kz сайтында «Магистратураға түсушілерге» бөлімінде
(https://testcenter.kz/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/2025-zhyl-y-bilim-beru-grantyn-
ta-ayyndau-konkursyna-atysu-boyynsha-ma-yzdy-a-parat/zhoo-lardy-virtualdy-abyldau-komissiyalaryny-
tizimi/ ) жарияланған.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
✔ жеке куәліктің көшірмесі,
✔ж оғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
✔К Т сертификаты;
✔ш ет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
‼Құжаттарды тапсыру кезінде бір мамандық және үш жоғары оқу орнын көрсете аласыз.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Оқуға қабылдау 28 тамызға дейін
аяқталады.
Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу