KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ 23.07.2025

ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ

Тамыз айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 25 шілде - 5 тамыз аралығында өтеді.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 10-14 тамыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
-орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
-шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
-өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
-ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
-шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);
-Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
-Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ПУНКТТІ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.
Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу