10 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ
13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді.