KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
13.07.2025

Бүгін, 13 шілдеде грант конкурсына құжат қабылдау басталды.

Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы, яғни кез келген жақын орналасқан жоғары оқу орнында тапсыруға болады.

eGov арқылы өтініш беру үшін  (https://www.youtube.com/watch?v=3oxf96kR-vs )
✔«Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары білім» бөліміне өту керек.
✔«Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметін таңдаңыз.
-    Бұл жерде бейне нұсқаулық бар, танысыңыз.
✔Ары қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
✔Барлық міндетті жолдарды толтырыңыз және сұрауға қол қойыңыз.
✔Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Гранттар конкурсына өтініштерді қабылдау 20 шілдеде аяқталады! Өткізіп алмаңыз! Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу