KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2025 жылғы 11-14 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. 10.07.2025

2025 жылғы 11-14 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

ПББ-ның өзі 15-19 шілде аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге қатыса алады:
-педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг);
-педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік үшін - тегін, келесі мүмкіндіктер үшін - 5640 тг);
-жұмыс істейтін педагогтер екінші мүмкіндігі үшін (5640 тг). Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу