4-6 шілде аралығында Ұлттық тестілеу орталығы 10-25 сәуір аралығында келесі дәлелді себептер бойынша өтініш бермеген талапкерлерден негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдайды:
- денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу (026/у медициналық анықтама болған жағдайда);
- жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
-республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу (№514 бұйрықтағы тізімге сәйкес);
- төтенше жағдайлар туындаған кезде.
- Өтініш пен растайтын құжаттарды (+ жеке куәлік) тестіленушілер uto@testcenter.kz электрондық поштасына жолдау қажет.
Тестілеу – 8-10 шілде.