KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 326 мың рет тест тапсырылды. 30.06.2025

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 326 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:
-талапкерлердің 72%-ы шекті балл жинады;
-орташа балл – 67 балл (бес пән бойынша);
-ең жоғары балл – 140 балл;
-ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
-тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 260 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
-тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 289 адам шығарылды;;
-тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;
-бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың 18%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 16%-ы «Биология-Химия», 13%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу