KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. 25.06.2025

Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар
-жеке куәлік;
-ҰБТ сертификаты;
-3х4 көлеміндегі фото;
-орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
-жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
-B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Қосымша ақпарат бойынша жоо-лардың қабылдау комиссияларына хабарласа аласыздар.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу