KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 268 мың рет тест тапсырылды. 23.06.2025

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 268 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:
-талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады;
-орташа балл – 66 балл (бес пән бойынша);
-ең жоғары балл – 140 балл;
-ерекше білім беру қажеттілігі бар 649 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 423 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек:
-тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 210 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
-тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 212 адам шығарылды;;
-тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;
-бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың 18%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 15%-ы «Биология-Химия», 14%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу