KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін, 20 маусымда еліміз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады. 20.06.2025

Бүгін, 20 маусымда еліміз бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады.

-Егер сіз ҰБТ-ны тапсырып қойып, грант конкурсына қатыспаймын деп шешсеңіз, жоо-ға қабылдауға құжаттарыңызды бүгіннен бастап тапсырсаңыз болады.

-Ал егер грант конкурсына қатысамын деп жоспарлап отырсаңыз, грант конкурсына өтінішті 13-20 шілде аралығында тапсырасыз. Осы кезеңде сіз мамандықтар мен оқу орындарын таңдайсыз. Грант конкурсына құжаттарды кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға болады, тіпті сол оқу орнын таңдамаған жағдайда да. Грант иегерлерінің тізімін министрлік 10 тамызға дейін жариялайды.

Құжаттар, шығармашылық емтихан, арнаулы емтихан, мамандықтар, оқу шарттары және тағы да басқа сұрақтар бойынша өзіңізді қызықтырған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тікелей хабарласуды сұраймыз.

Жоо-лардың тізімі мен байланыс нөмірлерін сайтымызда және телеграм-каналымызда жарияладық. Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу