KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды. 09.06.2025

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде: -талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады; -орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша); -ең жоғары балл – 140 балл; -ерекше білім беру қажеттілігі бар 477 талапкер қатысты. Ереже бұзғаны үшін 206 адамның нәтижесі жойылды. Атап өтсек: -тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды; -тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 108 адам шығарылды; -бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Қатысушылардың 18%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 15%-ы «Биология-Химия», 14%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу